Абай облысында рұқсатсыз көше саудасының алдын алу және оның жолын кесу мақсатында арнайы ведомствоаралық топ жұмысын жалғастыруда.
Кезекті рейд аясында топ мүшелері Семей қаласының сауда нүктелеріне мониторинг жүргізді. Тексеру барысында абаттандыру қағидалары мен санитариялық талаптардың бұзылғаны анықталды. Кейбір кәсіпкерлер сауда орындарын арнайы көзделмеген, тосын жерлерге орналастыру арқылы тапқырлық танытқан.
Рейд нәтижесінде құқық бұзушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, материалдар уәкілетті органдарға жолданды.
Көше саудасы саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі
Related
Более 200 полицейских искали пропавшую девочку в Семее
04.11.2025 03:00
В Семее завершился чемпионат Казахстана по боксу: имена победителей
23.10.2025 07:02






