Get In Touch

Жыл басынан бері Абай облысының көші-қон қызметі қос азаматтықтың 4 фактісін анықтады.

Жыл басынан бері Абай облысының көші-қон қызметі қос азаматтықтың 4 фактісін анықтады.

Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы үшін басқа мемлекеттің азаматтығы танылмайды.

2024 жылдың басынан бастап Абай облысы Полиция департаментінің көші – қон қызметіне Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту туралы 149 азамат жүгінді, олардың 143 – Ресей Федерациясының, 2-і Түркияның, 2-і АҚШ, 2- Германияның азаматтығын алды.

Абай облысы Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы өзге азаматтықты қабылдаған Қазақстан азаматтығын жоғалтуды тіркеу үшін 30 тәулік ішінде консулдық мекемеге немесе ішкі істер органдарына жүгінуге міндеттенетінін жеткізеді. Уәкілетті органдарға шетел азаматтығын алу туралы заңнамада белгіленген мерзімде хабарланбаған жағдайда 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салуға (738 400 теңге) немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкімшілік шығарып жіберуге әкеп соғады.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі