Get In Touch

Семейде дәрігерлер сквері ашылды

Семейде дәрігерлер сквері ашылды

Семейде №1 қалалық емхана алдында орналасқан дәрігерлер скверінің салтанатты ашылуы өтті.

Жаңа сквер — жайлы демалыс орны ғана емес, сонымен қатар жергілікті тұрғындардың белсенді өмір салтын насихаттайтын кеңістік болмақ. Сквер — медицина қызметкерлерінің өз істеріне адалдығы мен адам денсаулығын сақтауда атқарып отырған өлшеусіз еңбектеріне алғыс пен ризашылықтың символы болады.

Нысанның жалпы ауданы 6 мың шаршы метрді құрайды. Аумақты көгалдандыруға ерекше назар аударылып, қайың, сібір шыршасы, тал, бөріқарақат, шырша, арша, пирамида теректері, вибурнум және тау күлі сияқты бұталардың көшеттері отырғызылды.

Сонымен қатар, спорт алаңдары мен балалар ойын алаңдары да қарастрылған. Сквер жарықтандырылып, орындықтар, қоқыс жәшіктері де орнатылды.

«Қаламыз облыс мәртебесіне ие болғалы көз алдымызда өзгеріп, жасарып келеді. Бұл бізді қуантады. Осы істердің басы-қасында жүрген азаматтардың барлығына алғасытан басқа айтарымыз жоқ. Денсаулықты сақтаудың қаншалықты маңызды екенін әсіресе біз, дәрігерлер жақсы білеміз. Ал мына сквер – басты байлығымызды қалыпты ұстап тұруға таптырмас орын. Тағы бір атап өтерлігі – бұл сквердің салынуы бізге деген құрметтің белгісі деп білемін, — деді ардагер дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, профессор Райфа Иванова.

Биыл облыс әкімінің қолдауымен Семей қаласын абаттандыру жұмыстары аясында 62 аула мен 4 қоғамдық кеңістік жаңғыртылды. Оның ішінде дәл осы дәрігерлер сквері, құтқарушылар сквері, Мәңгілік ел көшесі, тарихи қиылыс сынды бірнеше орын бар. Ал сол жағалаудағы Мұхтар Әуезов алаңында жөндеу жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Related