Қазақстан ТЖМ бөлімшелері Павлодар облысының аумағындағы дала өртін сөндірді.
Қазақстан ТЖМ бөлімшелері Павлодар облысының аумағындағы дала өртін сөндірді. Жағдайдың тұрақталуына байланысты Баянауыл ауданы Желтау ауылының эвакуацияланған 18 тұрғыны үйіне оралды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Қарағанды облысының аумағындағы өрт оқшауланды, өрттің ауданы анықталып жатыр. Қатты екпінді жел, рельефті таулы және батпақты жерлер және өрт ошақтарына кірме жолдардың болмауы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатты.
"Қазіргі уақытта Қарағанды облысының аумағындағы өрт ошақтары сөндіру жұмыстары жерүсті және әуе көлігімен жүргізу жұмыстары жалғастырылып жатыр. Қарағанды облысының Айыр және Атантай елді мекендері ауданындағы өртті сөндіруге 2 жауынгерлік учаске анықталды. ҚР ТЖМ Командалық орталығы мен облыстардың ТЖД жедел штабтар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр", — делінген хабарламада
Қазіргі уақытта өрт сөндіру жұмыстарына 557 адам мен 88 бірлік техника, 6 ұшқышсыз ұшу аппараты, ҚР ТЖМ және ІІМ ҰҰ 4 әуе кемесі жұмылдырылып жатыр.
Өртті сөндіруге Қарағанды, Ақмола, Абай облыстарының, Астана қаласының құтқару топтары, ТЖМ 52859, 68303 әскери бөлімдерінің және жергілікті атқарушы органдар қатысуда.
"Әуе кемелері өрт ошақтарына барлығы 87 рет 102-ден астам тонна көлемінде су төкті. Сонымен қатар аэровизуалды барлау жүргізілді. Ұшу нәтижелері бойынша жағдай тұрақты".
Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі