Жолда жаяу жүргіншілерден де аса сақтық таныту талап етіледі.
Полиция қызметкерлері қысқы дөңгелектерге ауысуды уақытылы жоспарлаған жөн деп кеңес береді. Олардың сөзінше, көктайғақ кезінде апат қаупін азайту үшін аса маңызды екі кеңесті ұстанған абзал: қозғалыс жылдамдығын азайту және алда кетіп бара жатқан көлікке дейінгі арақашықтықты ұлғайту.
Бұл жол-көлік оқиғасы туындауы мүмкін жағдайда шұғыл шешім қабылдау үшін уақытты ұтуға көмектеседі.
"Жолда жаяу жүргіншілерден де аса сақтық таныту талап етіледі. Қар жауып, мұз пайда болған уақытта көлік құралдарының тоқтауы қиындайды.Жаяу жүргіншілер өткеліне шыққан кезде жүргізушілердің жол беріп жатқанына көз жеткізіңіз. Ересектер балаларға жолдағы қауіпсіздік ережелерін қосымша түсіндіруі қажет", — дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Әлібек Ғабдуллин.
Соңғы 12 сағат ішінде СҚО-да жол-көлік оқиғалары тіркелмеді. Жолдағы жағдай тұрақты, дейді полицейлер.
Сурет: ашық дереккөздерден