Get In Touch

Раковина – шұңғылтас, грильница – тортаба, розетка – тоқұя. Тұрмыстық заттардың қазақша баламасы қандай

Раковина – шұңғылтас, грильница – тортаба, розетка – тоқұя. Тұрмыстық заттардың қазақша баламасы қандай

Байқау қазақ тілінің қорын толықтыруды көздеді.


Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты "Тұрмыстық зат атаулары шеберханасы" республикалық байқауының қорытындысын жариялады. Байқау аясында қазақстандықтар тұрмыста жиі қолданылатын 30 заттың қазақша баламаларын ұсынды.

Байқау нәтижесінде Ақмарал Серікбаева жеңімпаз атанса, екінші орынды Ақсұңқар Алмаған мен Абдулла Ризабекұлы бөліскен. Үшінші орын үш жүлдегерге бұйырды, олар – Ақбота Шарибекова, Көкбөрі Мүбәрак және Санжар Қаскеев.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұсынған үздік балама атаулар төмендегідей:

  • Кресло – арқажай, отырғы.
  • Жалюзи – күнүзік, күнқағар, күнперде, шапақ, айқара.
  • Комод – толапша, суырма, кебеже, қаршы.
  • Простыня – жабын.
  • Пододеяльник – көрпеқап, көрпетыс, сейсеп.
  • Одеяло – күрбік, көрпе, жамшы.
  • Тумбочка – жандықша, қобди, тартпа.
  • Раковина – қолжуғыш, шұңғылтас, шұңғылша.
  • Удлинитель – тоқсым, ұзартоқ.
  • Миксер – шайқауыш, бұлғауыш, араластырғы.
  • Соковыжималка – сығын, шырынсыққыш, шырынсыққы.
  • Грильница – қақтақ, қақтағыш, тортаба.
  • Термокружка – термоқұты, күйсақтар.
  • Отпариватель – буүтік, бусап.
  • Мультиварка – тоққазан, пісқазан.
  • Мантоварка – буқазан, қасқан.
  • Плед – ораш, жамылғы.
  • Вытяжка – ауалық, ауасорғы.
  • Шлагбаум – тоссырық, аласырық, тоспа, жолтосар.
  • Фольга – үлдір, жұқалтыр.
  • Дуршлаг – сүзгіш.
  • Терка – үгітек, үккіш.
  • Косяк – жақтау.
  • Карниз – сырық.
  • Плинтус – жиек.
  • Гардина – желпіше.
  • Контейнер – асқорап, ассауыт.
  • Розетка – тоқұя.
  • Домофон – үнқақпа, шақырауық, есік қоңырауы, үйсыңғыр, үнді, үнқат.
  • Кондиционер – самалдатқыш, ауа баптағыш, ауабап, ауалеп.

Оқи отырыңыз:

Домофон, мантоварка, шлагбаум. Тұрмыстық заттарға қазақша балама тапқандар марапатталады


Related