Get In Touch

Білім грантына өтініш беру 13 шілдеде басталады. Қандай құжаттар қажет

Білім грантына өтініш беру 13 шілдеде басталады. Қандай құжаттар қажет

Талапкерлер құжатын 20 шілдеге дейін өткізіп үлгеруі тиіс.


Биыл мемлекеттік білім грантына құжаттар 13-20 шілде аралығында қабылданады.

Осы ретте Ұлттық тестілеу орталығы байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар тізімін жариялады.

Олар:

  • жеке куәлік;
  • ҰБТ сертификаты;
  • 3х4 көлеміндегі фото;
  • орта білім туралы аттестат немесе колледж түлектері үшін диплом;
  • жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар;
  • B167 "Ұшу аппараттарын және қозғалтқыштарды ұшырып пайдалану" мамандығы үшін дәрігерлік ұшу-сараптамалық комиссиясының медициналық куәландыруы керек.

Еске салайық, 2026-2027 оқу жылына бакалавриатқа 75 371 мемлекеттік грант бөлінді. Мамандықтар бойынша гранттар бөлінісін Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтынан көруге болады.

Құжаттарды Электрондық үкімет порталы немесе ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары арқылы тапсыруға мүмкіндік бар.

Грант иелерінің тізімі тамыз айының ортасында жарияланады.


Оқи отырыңыз:

  • Қазақстанда биылғы грант иелері қашан белгілі болады
  • Мемлекеттік грантта оқитын студенттер де ипотека ала алады Мемлекеттік грантта оқитын студенттер де ипотека ала алады

Share: