"Қазгидромет" РМК ақпараты бойынша кей өңірінде көктайғақ күтілуде.
Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, облыстың солтүстігінде жолдарда көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол жауады. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі бар.
Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Түркістан облысының таулы аудандарында жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с болады.
Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады. Облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні секундына 18-23 метрге жетеді.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.